252
Бес жасар өзбек қызы ресейлік байқауға шақырылды
Бес жасар өзбек қызы ресейлік байқауға шақырылды
Бес жасар Нұрпері Тұрғыналиева Ресейдің балаларға арналған "Лучше всех" байқауына шақырту алды, - деп хабарлайды Kaganat.kg басылымы.
Басылымның мәліметінше, қыздың анасы Наргиза Сұлтанғазиева Ресейге 14 сәуірде ұшатындарын айтты. Ұйымдастырушылар жолға кететін барлық қаражатты өз мойнына алады екен. "Лучше всех" - балаларға арналған телевизиялық шоу.
Байқауға шығармашылықпен, спортпен немесе ғылыммен айналысатын 3-12 жас аралығындағы балалар қатысады. Бағдарлама Бірінші арнадан көрсетіледі, жүргізушісі - Максим Галкин. Еске сала кетейік, осыған дейін өнерлі қыздың биі Instagram желісіндегі парақшаларда және басқа да әлеуметтік желілерде таралған болатын. Осылайша кішкентай қыздың биі Желі қолданушыларын тәнті еткен еді. "Жарайсың! Оған адамдар ақша бере бастаған кезде де ол еш алаңдамай биін жалғастыра берді. Рөлге кіріп кеткен", - деп жазған еді қолданушылардың бірі.
https://www.youtube.com/watch?v=YNKuz3Tdk-c