Германиялық қонақүй АҚШ президентін орналастырудан бас тартты

Германиялық қонақүй АҚШ президентін орналастырудан бас тартты

Германиялық қонақүй АҚШ президентін орналастырудан бас тартты
ашық дереккөзі
656
Ақ үй өкілдері Гамбург қаласында өтетін G20 саммитіне қонақүйден нөмір брондамақшы болған, алайда олардың сұраныстарын қабыл алынбаған, - деп жазады L!FE.ru. Гамбург қаласында орналасқан люкс санатындағы Vier Jahreszeiten қонақүйі Ақш президенті Дональд Трамп бастаған америкалық делегацияны қоныстандырудан бас тартты. Олар 7 және 8 шілдеде "үлкен жиырмалықтың" жиынына қатысады. Бұл туралы Hamburger Abendblatt неміс газеті жазды. Қонақүй әкімшілігі осы жағдайға байланысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартқан. Ақ үй әкімшілігі болжам бойынша Германияның басқа қаласында - Берлинде орналасқан Adlon қонақ үйін брондауға көшкен. АҚШ өкілдері әзірге елордалық қонақ үйге ресми түрде сұраныс жібермеген. Spiegel Online журналының мәліметінше, G20 елдерінің кездесуіне тоғыз мың адам қатысады деп жоспарланған. Көптеген елдердің делегациялары қонақүйлерге тапсырыс беріп қойған.

Серіктес жаңалықтары