Шымкентте BMW көлігі тепловозбен соқтығысты

/
Шымкентте BMW көлігі тепловозбен соқтығысты
ҚТЖ

21 шілде күні сағат 07:30-да Шымкент станциясындағы «Санжар» ЖШС-ға тиесілі жеке кірме жолда BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі жол жүру ережелерін бұзып, тепловозбен соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда. Ақпарат құқық қорғау органдарына берілді», – деп хабарлайды ҚТЖ.

ҚТЖ жүргізушілерді теміржол өткелдерінде және жол бойындағы рельстер маңында жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары