273
Ұлттық банк: "Биыл ақша-несие жағдайы жұмсарады деген үміт бар"
Ұлттық банк: "Биыл ақша-несие жағдайы жұмсарады деген үміт бар"
ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев биыл ақша-несие жағдайы жұмсаруы мүмкін деді.
Қазақстанның Ұлттық банкі қаржылық нарықта базалық мөлшерлемеге қатысты шешімді қабылдау барысында нақты экономикада қалыптасып жатқан жағдайға да жіті назар аударып отыр. Экономиканың жандануын білдіретін кейбір белгілердің қылаң беруі, елде іскерлік белсенділіктің артқанын білдіреді.
Бұл туралы бүгін Алматыда телевизиялық арна тілшілеріне арналған брифинг кезінде Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады. Оның сөзінше, «базалық салалардың дамуы қысқамерзімді экономикалық индикаторлары өсім үстінде және 2017 жылы 2013 жылдан бері өзінің максималды көрсеткішіне жетті - 103,7%. «Тұтыну сұранысы артып келеді және ары қарай да арта береді деген сенім бар», - деп атап өтті Д. Ақышев. Ұлттық банк басшысы 2017 және 2018 жылдары инфляция өзінің болжамды дәлізінде сақталатынын да хабарлады.
«Инфляцияның нақты деңгейі біз болжаған деңгейде сақтала беретін болса, ақша-несие жағдайының жұмсаруы 2017 жылдың екінші жартысында орын алады деп күтілуде», - деді ол. Бұның алдында хабарлағанымыздай, Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені бұрынғы 11% деңгейінде қалдырды.