Қазақстандықтар құжаттарының түпнұсқасын өздерімен бірге алып жүруі керек

/
Қазақстандықтар құжаттарының түпнұсқасын өздерімен бірге алып жүруі керек
istockphoto.com

Air Astana әуе компаниясы 19 шілде күні сағат 02:00-ден 08:00-ге дейін Қазақстан бойынша ішкі рейстерге ұшатын жолаушылардан құжаттарының түпнұсқасын өздерімен бірге алып жүруді сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Көрсетілген уақытта техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасына, соның ішінде “Цифрлық құжаттар” қызметіне уақытша қолжетімділік шектеледі», – делінген хабарламада.

Құжаттарының түпнұсқасы жоқ жолаушылар ұшаққа жіберілмейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары