Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
18 шілдеде әртістік жүзуден жарыстар басталды. Бұл сында Қазақстан атынан Карина Магрупова өнер көрсетті.
Отандасымыз техникалық соло бағдарламасы бойынша 232.2050 ұпай жинап, 12 орынға жайғасты. Осылайша, Карина Магрупова финалда бақ сынайды.
Айта кетейік, финалдық сайыс 19 шілдеде өтеді.