Ақтау қаласының прокуратурасы «Mangystau Oil Refining» ЖШС-да жалақы төлеу заңдылығын тексерді, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында кәсіпорында 241 жұмыскерге жалақы төленбегені анықталды, жалпы берешек сомасы 197 млн теңгені құрады.
Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде жұмысшылар алдындағы берешек толық өндіріліп, жұмысшылардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Өз кезегінде, жалақыны уақтылы төлемеген заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Прокуратурамен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.