«Арзан жер алып беремін»: Алаяқ Семей тұрғынын алдап, 15 млн теңге алып кеткен

/
«Арзан жер алып беремін»: Алаяқ Семей тұрғынын алдап, 15 млн теңге алып кеткен
istockphoto.com

Семей қаласында Астана тұрғыны ірі көлемдегі ақшасынан айырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

38 жастағы ер адам полицияға арыз түсіріп, таныс әйелдің арзан бағамен жер телімін алып беремін деп уәде бергенін жеткізді.

39 жастағы семейлік азаматша мәмілені рәсімдеу сылтауымен жәбірленушіден 14 750 000 теңге алған. Ақшаны алғаннан кейін ол хабарсыз кеткен.

Полиция жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ұсталып, бөлімге жеткізілді.

Ол өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында ақшаны жеке қажеттілігіне жұмсағаны анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты міндетті келу туралы процессуалдық шешім қабылданды.

Полиция азаматтарға ескертеді: бейтаныс адамдарға ірі сомадағы қаражатты сеніп тапсыру — үлкен тәуекел. Қаржылық операцияларды тек заңды негізде және құжатпен рәсімдеу қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары