«Таза Қазақстан»: Елімізде 9 млн адам экобастамаға атсалысты

/
«Таза Қазақстан»: Елімізде 9 млн адам экобастамаға атсалысты
gov.kz

Бүгін Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев брифинг барысында азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге және экологиялық проблемаларды шешуге белсенді қатысуға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру барысы туралы айтып берді.

 «Бұл тұжырымдама тек ұсыныстар немесе жоспарлар жиынтығы ғана емес, бұл біздің табиғатқа деген көзқарасымызды қалыптастыратын және өзекті экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуді үйрететін негіз», - деп атап өтті ол.

Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» қамқорлығымен бүкіл ел бойынша 874 іс-шара өткізіліп, оның ішінде республикалық («Таза кәсіпкер – таза аймақ», «Киелі мекен», «Таза өлке», «Мөлдір бұлақ» және т.б.) және халықаралық акциялар («Жер сағаты», «Халықаралық құстар күні»), оның шеңберінде 1 млн. 414 мың тонна қалдықтар жиналды, тек елді мекендерде 2 млн.400 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Акцияға қатысушылардың жалпы саны шамамен 9 млн адамды құрады, оның ішінде еріктілер саны 448 мың адам.

Сондай-ақ цифрландыруды дамыту шеңберінде Telegram@TazaQazBot іске асырылуда, оның көмегімен елдің әрбір тұрғыны экологиялық мәселелер мен абаттандыру мәселелерін шешуге өз үлесін қоса алады. Оның жұмысы басталғаннан бері 22 мың өтінім келіп түсті, оның 21 мыңнан астамы орындалды, ал 242-сі орындалуда (2025 жылы: 12 мыңнан астам өтінім түсті. Оның 11 мыңы орындалды). Көбінесе адамдар аумақтарды тазалау (3 617) қоқыстарды шығару (873), көшелерді абаттандыру және жаяу жүргіншілер жолын күтіп ұстау (867) туралы хабарлайды.

Вице-министр өз баяндамасында қалдықтарды өңдеу және оларды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру туралы да айтты. Жыл сайын елімізде 4,5 млн. тоннадан астам коммуналдық қалдықтар жиналады, ал олардың қайта өңдеу деңгейі өткен жылы 25,8% құрады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 2 973 полигон болған, алайда олардың тек 20% (608) қажетті рұқсат құжаттары бар.

Бүгінгі таңда әкімдіктер 7 жаңа нысан салып, пайдалануға берді, 23 полигон бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеу аяқталды, тағы 18 жоба әзірленуде.

Министрлік сондай-ақ 11 өңірде кәдеге жарату алымы қаражаты есебінен 43 полигон құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтауда. Болжам бойынша жалпы құны 53 млрд. теңге.

«Таза Қазақстанның» тағы бір бағыты – елді мекендерді көгалдандыру және елдің ормандылығын арттыру.

Мәселен, мемлекеттік орман қоры аумағында 1 369 млн. көшет отырғызылды, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл көшеттерінің 48,7 млн. данасы отырғызылды.

Сонымен қатар, орман мелиорациялық жұмыстарды өнгіштігі мен өмір сүру деңгейі жоғары сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында орман тұқымбақтарын құру жұмыстары жүргізілуде.

Мансұр Ошурбаев «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

«Ол экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, бүкіл қоғамды елдің болашағы туралы қамқорлыққа тарта отырып, жаңа экологиялық сананы қалыптастырады.

Қазірдің өзінде біз экология мәселелерінен басталған бұл бастаманың айтарлықтай үлкен нәрсеге айналғанын көріп отырмыз: ол айналадағы тазалыққа ғана емес, барлық азаматтардың рухани тазалығына да бағытталған», - деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары