Полиция Қарағанды облысы қала тұрғындарын қорқыту арқылы ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады.
Жедел іс-шара барысында полиция бөліміне 13 адам жеткізілді, олардың сегізі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысында күдіктілердің тұрғындардан 800 мыңнан 8 миллион теңгеге дейін ақша бопсалағаны, сондай-ақ жәбірленушілердің атынан заңсыз түрде несие рәсімдегені анықталды.
Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері 23 тінту жүргізіп, 26 ұялы телефон, жеті пышақ, бес автокөлік, екі миллион теңгеден астам қаражат, есірткіге ұқсас зат салынған төрт пакет және қылмыстық әрекеттерге қатысты басқа да айғақ заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.