Екібастұзда екі ірі кәсіпорын 1 миллиард теңгеден астам салық төлемеген

Екібастұзда екі ірі кәсіпорын 1 миллиард теңгеден астам салық төлемеген
freepik.com

Екібастұз қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі өңірдегі ірі кәсіпорындардың салықты толық әрі уақытылы төлемегенін анықтады.

«Б.Нұржанов атындағы Экибастұз ГРЭС-1» ЖШС-і жабдықтарды жөндеу кезінде кіріс әкелетін қызметке қатысы жоқ тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша сомаларды шегерімге жатқызған.

Нәтижесінде 421 млн теңге көлемінде салық төленбеген.

Сондай-ақ, «Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС-нің қызметінде өнімді өткізу айналымының төмендегені анықталып, бұл да бюджетке түсетін түсімге әсер еткен — төленбеген салық сомасы 550 млн теңгені құрады.

Қадағалау актісі негізінде салық органдары камералдық бақылау жүргізіп, салық төлеушілердің қатысуымен әкімшілік тыңдаулар ұйымдастырылды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде анықталған барлық бұзушылықтар жойылып, кәсіпорындар салық міндеттемелерін өз еркімен орындап, жетіспейтін сома толық көлемде мемлекеттік бюджетке аударылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары