Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасына берген сұхбатында отбасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ол ел арасында жолдасы Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы жөнінде тараған қауесетке пікір білдірді.
«Жеке өмірімді жеке өмір деп қалдырамын деп шешітім. Тұрсекеңе қатысты сұрақты оның өзіне қойыңыздар. Өзінің парақшасы, өзінің көмекшілері бар. Бәрі жақсы.
Айта кетейік, соңғы кездері ел арасында Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдір Мұқанованың ара-қатынасына байланысты түрлі ақпараттар тараған болатын. Желі қолданушыларының арасында белгілі әзілкештің жұбайынан ажырасып, екінші әйел алғаны жөнінде бейресми ақпараттар қызу талқыланды.