14 жастағы бала Елек өзеніне батып кетті

/
14 жастағы бала Елек өзеніне батып кетті
istockphoto.com

Ақтөбе маңында Елек өзеніне 14 жастағы бала суға батып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп, іздеу жұмыстарына дрон қолданылды.

«Сағат 21:30-да 2011 жылы туған баланың мәйіті судан шығарылды. Алдын ала ақпарат бойынша, бала шомылуға арналмаған жерде белгісіз жағдайда суға кеткен», – деп хабарлады ТЖД.

Ведомство марқұм баланың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтты және тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтауға, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары