1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 170,5 млрд долларды құрады. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz.
Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 5,7 млрд долларға өскен, оның ішінде 3,4 млрд доллар – төлем балансының операциялары есебінен, ал 2,3 млрд доллар – валюта бағамының, құндық және өзге де өзгерістердің есебінен.
«Қазақстанның сыртқы қарызының бастапқы өтеу мерзіміне қарай құрылымында 87,1%-ы ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) сыртқы қарызға тиесілі, бұл бір жағынан өтімділік тәуекелдерін азайтса, екінші жағынан нарықтық жағдайлардың жалпы өзгерісінің қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге әсерін күшейтеді», – делінген хабарламада.
Қазақстанның сыртқы қарызының құрылымында резидент еместерден алынған кредиттер мен қарыздар (71,9%), сондай-ақ олардың қолындағы борыштық бағалы қағаздар (9,3%) басым.
Қазіргі сыртқы қарыз – ел тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Ұлттық банк келесі мәліметтерді келтіреді:
- 2001 жыл – 12,6 млрд доллар;
- 2002 жыл – 15 млрд доллар;
- 2003 жыл – 18,1 млрд доллар;
- 2004 жыл – 23,1 млрд доллар;
- 2005 жыл – 32,7 млрд доллар;
- 2006 жыл – 43,4 млрд доллар;
- 2007 жыл – 74 млрд доллар;
- 2008 жыл – 96,9 млрд доллар;
- 2009 жыл – 107,9 млрд доллар;
- 2010 жыл – 112,9 млрд доллар;
- 2011 жыл – 118,2 млрд доллар;
- 2012 жыл – 125,3 млрд доллар;
- 2013 жыл – 136,9 млрд доллар;
- 2014 жыл – 150 млрд доллар;
- 2015 жыл – 157,1 млрд доллар;
- 2016 жыл – 153 млрд доллар;
- 2017 жыл – 163,5 млрд доллар;
- 2018 жыл – 167,5 млрд доллар;
- 2019 жыл – 160,3 млрд доллар;
- 2020 жыл – 159,5 млрд доллар;
- 2021 жыл – 163,9 млрд доллар;
- 2022 жыл – 164,1 млрд доллар;
- 2023 жыл – 161,1 млрд доллар;
- 2024 жылғы 1 қазан – 166,3 млрд доллар;
- 2025 жылғы 1 қаңтар – 164,7 млрд доллар;
- 2025 жылғы 1 сәуір – 170,5 млрд доллар.
Қазақстанның ең ірі сыртқы қарызы Нидерланды алдындағы қарыз, одан кейін Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Қытай және Бермуд аралдары орналасқан.