Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 518,34 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,56 теңгеге төмен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ұлттық банктің 10 шілдеге бекіткен ресми бағамы – 518,97 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 519,17 теңгені, сату бағамы – 520,92 теңгені құрайды. Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 516,51 теңгеден сатып алынып, 522,54 теңгеден сатылып жатыр.
Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі валюталық нарықтағы жағдай туралы хабарлаған болатын. Мемлекеттік реттеушінің мәліметінше, маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1,7 пайызға әлсіреп, бір доллар үшін 519,73 теңгеге дейін жетті. Сонымен қатар KASE-дегі күнделікті орташа сауда көлемі 238 миллион доллардан 235 миллион долларға дейін азайған. Жалпы сауда көлемі 4,7 миллиард долларды құрады.