Әлеуметтік желіде балаларына деген сүйіспеншілігін жеткізген Жанқош Тұраров жанкүйерлерінің ыстық қолдауына ие болды, деп жазды turkystan.kz.
Ол өзінің сөзінде балаларына деген махаббаты жайлы айтқан.
«Мені бала күнімде үлкендер көп еркелеткен. Өзім еркелеп өстім. Сол еркеліктің қаншалықты олардың арманын алға жетелейтінін жақсы білемін. Сондықтан олар өз армандарының орындалатынына сенімді бала болып өскенін қалаймын. Сол себепті оларды көп еркелетемін. Бала біреуге еркелей алса, сенімді болып өседі. Ал еркелей алмай, ішіндегісін бұғып қалатын бала ынжық болып өссе, ол ертең көп армандарына қол жеткізе алмай қалады. Осы үшін де балаларымды еркелеткім келеді. Барлық махаббатың бәрін балаларыма бергім келеді», - деді спортшы.
Оның бұл сөздерін желідегі парақшасының оқырмандары ұнатып қалған. Сондай-ақ Жанқош Тұраровтың бұл сөзін жұбайы да қолдаған. Әрі осы үшін оны мақтан ететінін білдірген.
«Сіздей әкесі бар — менің балаларымның маңдайларының бағы бес елі, шүкір!», - деп жазды Клара Иса.