Қосшыда рақымшылық алған сотталушы көрші әйелді зорламақ болған

/
Қосшыда рақымшылық алған сотталушы көрші әйелді зорламақ болған
Ашық дереккөзден

Қосшыда бұрын сотталған ер адам көршісінің үйіне баса-көктеп кіріп, әйелге зорлық-зомбылық көрсетуге әрекеттенген, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Немолчи.кз қоры жазды. Қосшы қаласында бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ер адам өз үйінен 500 000 теңге сұраған, алайда ата-анасы бас тартқан. Ашуға булығып, көршісінің үйіне қару алып кірген. Ол үйде жас ана мен оның үш кішкентай баласы тұратынын білген.

Оқиға болған сәтте үй иесі кенже баласымен шұғыл түрде ауруханаға кеткен, ал үйде оның туысы қалған. Ер адам түрлі айламен үйге кіріп, пышақпен әйелге шабуыл жасап, зорлауға оқталған. Киімін шешіп үлгерген қаскөйге әйел қарсылық көрсетіп, дереу күйеуіне және полицияға хабар берген.

Жәбірленушінің күйеуі бірінші болып жетіп, қаскөйді жартылай жалаңаш күйінде қолға түсірген. Дәл осы сәтте оқиға орнына тәртіп сақшылары да келген. Қылмыс орнында пышақ табылды.

Қылмыс кезінде үйдегі балалар қатты қорқып, жылап, өз бөлмелерінде кереуеттің астына тығылған. Әйел пышақ жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінген. Күдіктінің ата-анасы тергеу барысында ұлдарының өздерінен ақша талап етіп, бас тартқан соң үйден кеткенін растаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары