Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында чемпион атанды

/
Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында чемпион атанды
Оқу-ағарту министрлігі

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік көшбасшылар қатарына енді. 

Әлемнің 21 елінен келген қатысушылар арасында 5 жас қазақстандық елге он марапатпен оралды.  Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды.

Күміс медаль иегерлері:

  • Роман Черемнов – Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы;
  • Таир Әбдіқадыр –Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
  • Альтаир Аканов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
  • Илияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.

Сондай-ақ қола медаль иегері - Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев.

Теориялық айналым нәтижелері бойынша

  • 1-дәрежелі диплом -  Роман Черемнов, Илияс Қазымбек;
  • 2-дәрежелі диплом - Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов.
  • Жетекшілері: Самат Максутов — PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов — CDU магистрі.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары