Қай елде еңбексіз бай болғандар көп? – зерттеу

/
Қай елде еңбексіз бай болғандар көп? – зерттеу
сурет: istockphoto.com

2025 жылғы маусымдағы жағдай бойынша әлемде 2 838 миллиардер бар. Олардың 67%-ы байлығын өз күшімен тапса, қалған 33%-ына мұраға қалған. Бірақ әр елдегі жағдай әртүрлі: бір жерде табыс – еңбек пен тәуекелдің жемісі, ал бір жерде – ата-бабадан қалған капитал, деп хабарлайды turkystan.kz 

Еңбектің сыйы

Қытай мен Ресейде миллиардерлердің 97%-ы – байлығын нөлден бастап жинағандар. АҚШ-та, әлемдегі ең бай адамдар шоғырланған мемлекетте бұл көрсеткіш 73% екен. Сол сияқты Индонезия, Тайвань, Израиль секілді елдерде де табысты стартаптар, технологиялық серпілістер және кәсіпкерлікке ашық орта ерекше рөл ойнаған.

Еуропада дәстүрлі байлық басым

Ал Германия миллиардерлерінің тек 25%-ы ғана өз күшімен байыған. Испания (26%) мен Италияда (36%) да көрсеткіш төмен. Бельгия мен Мексикада да мұрагерлік байлық алдыңғы қатарда, бұл елдерде «ескі ақшаның» салмағы әлі де күшті.

Әлеуметтік әділдік туралы сұрақ

Кейінгі бір жылда жаһандық миллиардерлердің жалпы байлығы 13,4%-ға өсті. Бірақ маңызды сұрақ туындайды: байлық қалай пайда болады: еңбектің арқасында ма, әлде туыстық байланыс арқылы ма?

Егер бай болуға мүмкіндік еңбекпен келетін елдерде әділдікке сенім артса, ал мұрагерлік үстемдік еткен елдерде керісінше, әлеуметтік бөлініс, наразылық, тіпті саяси тұрақсыздық қаупі артады.

Әлеуметтанушы Томас Друйен: «Мұрагерлік билікке жетудің ең қысқа жолына айналды. Ал байлық еңбексіз келсе, әділдікке сенім азаяды, қоғамдағы келісім шарттары шайқала бастайды», – дейді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары