Боксшы Әнел Сақыш Әлем кубогінде жарыс жолынан шығып қалды

/
Боксшы Әнел Сақыш Әлем кубогінде жарыс жолынан шығып қалды
olympic.kz

Бүгін бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің екінші жарыс күні өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шаршы алаңға алғаш болып Әнел Сақыш (54 келіге дейін) шықты.

Отандасымыз ширек финалға шығу үшін Өзбекстан өкілі Феруза Казаковамен жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша өзбекстандық былғары қолғап шебері келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) жарысты аяқтаған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары