Қазақстан құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан бокстан елордада өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.
1/4 финалға шығу үшін ол оңтүстіккореялық Шин Чжэенмен өзара мықтыны анықтады.
Махмұд Сабырхан бірінші раундтан-ақ керемет бокс үлгісін көрсетіп, қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.