Германияда кісі қолынан қаза тапқан Айгүл Сайлыбаеваның жақындары көмек сұрады

/
Германияда кісі қолынан қаза тапқан Айгүл Сайлыбаеваның жақындары көмек сұрады

Былтыр экс-судья Айгүл Сайлыбаева Германияда кісі қолынан қаза тапқан еді. Оның жақындары көмек сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Германияда тергеу тоқтатылған, ал қылмыскерлер табылған жоқ. Іздеу салынған жалғыз адам – Айгүлдің енесі, Наталья Донцова (Германия мен Ресей азаматшасы, Қазақстанда туған). Алайда оны Ресей аумағына экстрадициялау немесе тергеу мақсатында шақыру бойынша ешқандай нақты шаралар қабылданған жоқ. Айгүлдің күйеуі Александр Донцов қайғылы оқиғадан кейін көп ұзамай ортақ қыздары Жаклинді Германиядан Ресейге алып кетті. Содан бері ол бізбен байланысын мүлде үзді. Біз немеремізді бір жылдан аса көрмедік. Біз Ресейдің қорғаншылық, әлеуметтік қорғау және білім беру органдарына жүгіндік. Еш нәтиже болған жоқ. Қазіргі уақытта немереміздің қайда екенін білмейміз. Бұрын ол ата-анасымен бірге өмір сүрген АҚШ-та болуы мүмкін деген күдік бар.

Германия және Ресей билігінен — Айгүлдің өліміне байланысты тергеуді жалғастыруды;

Наталья Донцованы тауып, оны тергеуге алуды;

Жаклиннің қазақстандық ата-әжесімен байланыс орнатуына мүмкіндік беруді сұраймыз.

Сондай-ақ, көмектесе алатын барлық адамдарға жүгінеміз: егер сіз Наталья Донцова, Александр Донцов немесе Жаклиннің қайда екенін білсеңіз — бізбен байланысыңызды сұраймыз», - делінген жазбада.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары