Теміртауда төрт жастағы бала терезеден құлап кетті

/
Теміртауда төрт жастағы бала терезеден құлап кетті

30 маусым күні Теміртауда үшінші қабаттағы терезеден қыз бала құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 2021 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалған. Қызды қарап отырған әжесі бала құлаған сәтте басқа бөлмеде болған.

Бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары