Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы Мұхит Тұрсынов «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын насихаттау мақсатында «Өзіңнен баста» ұранымен жастарға арнайы үндеу жасады, деп хабарлады turkystan.kz.
Спорт шебері жастарды заңға құрметпен қарап, тәртіпті болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
«Мен үшін спорт — тәртіп пен жауапкершілік мектебі. Күн сайынғы жаттығу, ережеге бағыну, қиындықтарға мойымау және әділ жолмен жеңіске жету – бұл тек спорт қағидалары емес, бұл — заң мен тәртіпке деген құрмет. Бауыржан атамыз айтқандай, тәртіпке бағынған құл болмайды. Әрқайсымыз заңды сыйласақ — болашағымыз берік болады», — деді Мұхит Тұрсынов.
Спортшының бұл үндеуі — қоғамдағы тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған маңызды қадам.