Бейжіңде роботтар арасында алғашқы футбол чемпионаты өтті

/
Бейжіңде роботтар арасында алғашқы футбол чемпионаты өтті
t.me/chinesepanorama

Қытай астанасы Бейжің қаласында роботтар арасында алғашқы футбол чемпионаты өтті. Бұл жарыс биыл тамыз айына жоспарланған адамға ұқсас машиналардың дүниежүзілік ойындары қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды turkystan.kz Global Times-ке сілтеме жасап.

Бұл айрықша турнирге бойы 1,2-ден 1,5 метрге дейінгі үш роботтан құралған төрт құрама қатысты. Қатысушылар 3x3 форматында бақ сынады. Қашықтан басқарылатын роботтар арасындағы жарыстан айырмашылығы –  мұнда андроид орнатылған жасанды интеллект септігімен өз бетінше ойнады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, роботтар адамдар сияқты алаңдағы кедергілерді байқай алмауы мүмкін. Сондықтан «темір футболшыларға» қатаң ереже қарастырылмаған.

Матч қорытындысы бойынша Цинхуа университетінің Power Intelligent Team командасы жеңімпаз атанды. Олар Қытай Ауылшаруашылық университетінің командасын 5:3 есебімен жеңді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, робототехникалық футбол саласындағы жетістіктер шамамен бес немесе алты жастағы балалардың деңгейіне сәйкес келеді – олар бір ойында орта есеппен бір-екі ұпай ғана жинай алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары