Бүгін Ақтөбе облысында KAZ06 "РФ шек. (Жайсан ө\п) – Мәртөк – Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Тараз (айналма жолымен) – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шек. (Нұр Жолы ө/п)" автомобиль жолының 1135-1136 шақырым аралығындағы учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сол себепті 2025 жылғы 30 маусым сағат 23:00-ден 2025 жылғы 1 шілде сағат 06:00 уақыт аралығында аталмыш жол учаскесінің 965-1153 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарабұтақ ауылынан - Ырғыз қиылысы) қоғамдық және жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
1135-1136 шақырым аралығындағы учаскеде жеңіл көліктер үшін реверсивті қозғалыс ұйымдастырылатын болады.
«ҚазАвтоЖол» Ақ компаниясы жөндеу жұмыстары кезінде жол пайдаланушыларға сапарды алдын жоспарлап, уақытша енгізілген шектеулерді қатаң сақтауды сұрайды.