Қазақстандық боксшы Таиландта алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Таиландта алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Таиландта алтын медаль жеңіп алды
ашық дереккөзі
 Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов Таиландта өткен халықаралық турнирде алтын алды деп хабарлайды 24.kz.  Былтыр жастар арасында әлем чемпионы атанған отандасымыз жартылай финалда филиппиндік былғары қолғап шеберін тізе бүктірді. Ал ақтық айқаста Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, өзбек спортшысы Шахрам Гиясовпен кездесуі керек еді. Бірақ көпшілік асыға күткен жекпе-жек болмай қалды. Кездесуден өзбек боксшысының өзі бас тартыпты. Осылайша Садриддин Ахмедов Таиланд турнирінің жеңімпазы атанды. 18 мемлекеттің кіл үздіктері қатысқан жарыста ел намысын 8 спортшымыз қорғаған еді. Оның тек үшеуі ғана жартылай финалға жолдама алды. Олар Азат Махметов, Ерік Әлжанов және осы Садриддин Ахмедов болатын.