Жаттықтырушымен бірге серуенге шыққан бес бала “Көк-Жайлау” үстіртінен оралмаған. Топпен байланыс болмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Іздеуге Алматы қаласының Құтқару қызметінің бес құтқарушысы мен екі техника жұмылдырылған.
Сағат 19:35-те құтқарушылар топты тапты: балалар мен жаттықтырушы соқпақ жолда болған, бірақ өз бетінше төмен түсе алмаған.
Барлығы аман-есен туыстарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болмады.
Құтқару қызметі ескертеді: тауда серуен ұйымдастыру кезінде қатысушылардың жасын, ауа райын, тәулік уақытын және физикалық жүктемені ескеру қажет. Сондай-ақ байланыс құралдарын алып жүру және маршрутты алдын ала жоспарлау маңызды.