Заң мен тәртіп: Құқық қорғау органдарының қызметкерлері биік шыңды бағындырды

/
Заң мен тәртіп: Құқық қорғау органдарының қызметкерлері биік шыңды бағындырды
Видеодан скриншот

22 маусым күні Алматы облысында «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында құқық қорғау органдары қызметкерлері 4120 метрлік биік шыңға көтерілді.

Шараға Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.

«Заң және тәртіп» жалауын шың басына тігу – бұл жарқын нышан. Заң үстемдігі жоғары саналатын мемлекетте тұрақтылық, даму және болашаққа деген сенім бар.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заң мен тәртіп – әділетті мемлекеттің негізі екенін бірнеше рет атап өтті. Онсыз экономикалық даму, инвестиция тарту және халықтың сенімі мүмкін емес. Әділеттілік – қоғамның қалыпты жағдайына айналуы тиіс, ал заңсыздық – сирек құбылыс болуы қажет. Тек осылай ғана әр азамат өзін қауіпсіз сезінетін заманауи мемлекет құруға болады.

Маршрут Тұйықсу мен Мынжылқы шатқалдары, Альпинград алаңы және Маншүк Мәметова атындағы асу арқылы өтті. Бұл жол әділет пен жауапкершілікке апаратын күрделі, бірақ мағыналы сапар болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары