Мейрамбек Бесбаевтың қызы мектеп бітірді

/
Мейрамбек Бесбаевтың қызы мектеп бітірді
Әлеуметтік желіден

Танымал "Музарт" тобының солисті Мейрамбек Бесбаев жақсы жаңалығын айтып, желі қолданушыларын қуантып қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесінің тұңғыш қызы Кәусар мектеп бітірді. Мейрамбек Бесбаев қызына арнап әсерлі жазба арнады.

"Бүгін мені әке атандырған тұңғышым, нәзік гүлім Кәусарым мектеп бітірді. Қызыма ғана емес, мен үшін де толқынысқа толы күн болды. Балапандарымызды 11 жыл білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, қанаттарын қатайтып, кішкентай жүректеріне үлкен арман ұялатқан Кәусарым оқыған Ш.К.Беркінбаева атындағы Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатының басшылығына, барша ұстаздарына рақметімді айтамын. Түлектердің жолдары ашық, болашақтары жарқын болып, ізгі армандары орындалсын!", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, Мейрамбек Беспаев Әбдіжаппар Әлқожаға самокат сыйлаған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары