Белгілі әнші Өмірқұл Айниязов немерелі болғанын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Ал ағайын, сүйінші. Қос батырым енді аға болды. Алланың қалауымен тағы ата-әже атандық. Айкөркем қызымыз қош келдің", - деді Өмірқұл Айниязов.
Айта кетейік, Әнші Өмірқұл Айниязов отбасындағы суық хабарды айтқан.