Қазақстан мен Қытай Алматыда жер сілкінісін зерттейтін орталық құрмақ

Қазақстан мен Қытай Алматыда жер сілкінісін зерттейтін орталық құрмақ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және Қытай Халық Республикасының Жер сілкіністері жөніндегі басқармасы арасында Сейсмикалық қатерлерді азайту саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан тарапынан меморандумдармен алмасудың ресми рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, ал қытай тарапынан - Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хан Чунлинь қатысты.

Аталған орталық жер сілкіністері туралы ерте ескерту жүйелерін интеграциялау, сейсмология ғылымы мен технологияларын дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасында сейсмикалық ақпаратпен нақты уақыт режимінде алмасу бағытында жұмыс істейтін болады.

Бұл ынтымақтастық ықтимал табиғи апаттардың салдарын азайтуға мүмкіндік беріп, азаматтарды дер кезінде және нақты түрде хабардар етуді қамтамасыз етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары