ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен Қонысбек Төкенов грек-рим күресі Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осы қызметті атқарған Юрий Мельниченко енді командада бас бапкердің кеңесшісі ретінде жұмыс істейді. Юрий Мельниченконың жетекшілігімен Қазақстан грек-рим күресінен Париж Олимпиадасы (Демеу Жадыраев) мен былтырғы әлем чемпионатында 1 күміс медаль (Ержет Жарлықасын) жеңіп алған.
Осыған дейін Қонысбек Кәрімұлы 20 жасқа дейінгі Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы болған. Қонысбек Төкенов үшін бас бапкер қызметіндегі алғашқы ресми халықаралық жарыс 17-20 шілде аралығында Будапеште өтетін рейтингтік турнир болады.