"Отандастар қорының" өкілдері Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығына барды

/
"Отандастар қорының" өкілдері Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығына барды
Қордың баспасөз қызметі

"Отандастар қорының" өкілдері Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының кеңсесіне арнайы барып, орталық ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту, шетелдегі қазақ жастарына қолдау көрсету, мәдени-гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. "Отандастар қоры" өкілдері Қазақстанда білім алғысы келетін этникалық қазақтар үшін ұсынылатын жоғары білім беру гранттары мен қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Өз кезегінде Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов мырза ұйымның негізгі бағыттары мен жобалары туралы, Орталықтың этникалық қазақ жастары үшін білім, мәдениет және тіл саласында белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Өзбекстанда жастарға арналған түрлі білім беру, кәсіпкерлік және мәдени бастамаларды қолдайтын мүмкіндіктердің көп екенін жеткізді.

Бұл кездесу шетелдегі қандастармен жүйелі жұмыс жүргізу, өзара тәжірибе алмасу және жастарға бағытталған нақты жобаларды іске асыру тұрғысынан маңызды болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары