Әнші Қайрат Нұртастың көмекшісі Салтанат Самат Жанғазиннің "О махаббат ғажапсың" әнін ұрлап алмағанын мәлімдеді. Бұл туралы журналист Ербол Мәндібек жазды.
"Ереке, Қайрат рұқсатсыз ән алған емес. "О махаббат ғажапсың" әнін композитор Дәурен деген жігітке ақшасын төлеп алған. Сондықтан Қайрат ән ұрлады деген әңгіменің бәрі өтірік", – деді көмекшісі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Самат Жанғазин есімді әнші Қайрат Нұртас оның репертуарындағы жаңа әнін рұқсатсыз орындап жүргенін айтып, сотқа жүгінбей, адамгершілікті бәрінен биік қойғанын айтқан болатын.