17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингте жеке рекорд орнатты

/
17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингте жеке рекорд орнатты
sports.kz

17 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов рейтингтегі орнын жеті сатыға жақсартып, 915-орынға көтерілді. Бұл — оның әзірге кәсіби турдағы қысқа мансабындағы ең үздік нәтижесі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Омарханов үшін соңғы турнир Италияда өткен ITF M15 сериясындағы жарыс болды, сондай-ақ ол Парижде өткен жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турниріне де қатысты.

Сондай-ақ рейтингін жақсартқан тағы бір қазақстандық — Александр Шевченко, ол топ-100 қатарына оралып, 97-орынға ие болды. Бейбіт Жукаев та өз көрсеткішін жақсартып, 244-орынға тұрақтады.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары