Алматыда қоғамдық бірлестік жетекшісі халықтың ақшасын иемденген

/
Алматыда қоғамдық бірлестік жетекшісі халықтың ақшасын иемденген
istockphoto.com

Алматы облысында қоғамдық бірлестіктердің бірінің жетекшісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденіп алған.

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары