Күні кеше Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлы Әділет шаңырақ көтерді, деп жазады turkystan.kz.
Осы тойда әнші жұп Жанболат пен Жазираның ұлы жігіт жолдас болған. Ол тойда досына тілегін айтып, тосын сый жасады.
«Әділет бауырым, есіңде болса осыдан 5-6 жыл бұрын біз өзара уәделескен болатынбыз. Екеумізден кім бірінші үйленсе, үйленбегеніміз соған бал айына жолдама алып береді деген едік. Соған орай сыйлыққа Мальдив аралдарына немесе өздері қалаған елге жолдама. Екеуінің әдемі махаббатырыңа қосқан менің кішкене үлесім болсын. Бұдан бөлек қыз жолдас екеумізден Әдияға соңғы үлгідегі фотоаппарат», - деді ол.