Алматы облысында құтқарушылар таулы жермен 20 шақырымнан астам жол жүріп, туристер тобынан қалып қойған жасөспірімді тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы облысының Талғар ауданында ТЖМ құтқарушылары 2009 жылы туған жасөспірімді іздестіру жұмыстарын сәтті аяқтады. Ол Фурманов шыңына көтерілгеннен кейін тауда жоғалып кеткен. Кешке қарай онымен бірге жүрген туристер тобы таудың етегінде оны күтпей, көмекке жүгінген.
Қараңғылыққа қарамастан, ТЖМ тобы іздестіру жұмыстарына жедел кірісті. Жасөспірімнің қайда екені белгісіз болып, ол байланысқа шықпаған. Сол кезде құтқарушылар Панорама шыңына барып, одан әрі Күншуақ (Солнечная) алаңына солтүстік Талғар арқылы бет алды.
Құтқарушылар таулы жермен 20 шақырымнан астам жол жүріп, таңға жуық жасөспірімді тапты. Оны аман-есен Медеуге жеткізіп, туыстарына тапсырды. Жас турист зардап шекпеген.