"Тырнақшаның ішіндегі ақылды жандар" – Сәкен Майғазиев ұлының тойынан соң көпшілікке ойын ашық айтты

/
"Тырнақшаның ішіндегі ақылды жандар" – Сәкен Майғазиев ұлының тойынан соң көпшілікке ойын ашық айтты
Видеодан скриншот

Ұлының тойынан ақылы түрде онлайн көрсетілім көрсеткен әнші Майғазиев трансляциядан түскен қаражаттан салық төлеуден жалтармайтынын айтты.

"Тырнақшаның ішіндегі ақылды жандар салық төлесін депті. Біз салықты онсыз да төлейміз. Құдай бетін әрі қылсын, тығып, жасырып жатқан дүниелерің әшкере болып жатқан заманда ешкім ештеңені жасыра алмайды. Біз жаһанға жар салып жасап жатқан кезде оның бәрінің пайызын есептеп, салығы төленеді. Яғни бұл қазаққа да пайдасы тиеді деген сөз. Сіздерге де жұғысты болсын! Ең бастысы, арам ас жоқ, спиртті ішімдік жоқ. Адал дастарқан. Қазақы той. Қымыз-шұбатымен", – деп айтты әнші той соңында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары