Ақтау қаласында екі жасөспірім суға түсіп, біреуі батып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
2011 жылы туған екі жасөспірімнің суға батып бара жатқанын көрген куәгерлер оларды судан шығарып алған. Нәтижесінде жасөспірімдердің бірі оқиға орнында қаза тапты.
Құтқарушылардың мәліметінше, оқушылар шомылуға арналмаған орында суға түскен.
"Оларды куәгерлер судан алып шықты. Өкінішке қарай, біреуі қаза тапты. Екіншісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады ведомство.
Шақырту орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 12 маманы, бес техника және бір жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар, екі жедел жәрдем бригадасы, 12 полиция қызметкері және алты патрульдік көлік жұмыс істеді.