Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін үш қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылғы 7 маусымда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Өскемен, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары