"Fantastic flag event": Голливуд продюсері Рәміздер күніне арнайы әзірленген бейнероликтен алған әсерін жазды

"Fantastic flag event": Голливуд продюсері Рәміздер күніне арнайы әзірленген бейнероликтен алған әсерін жазды
Жеке парақшасынан

Голливуд продюсері Джефф Олм әлеуметтік желідегі жеке парақшасында ҚР Рәміздер күніне арнайы жасалған бейнероликтен алған әсерін жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Трансформерлер», «Бесінші элемент», «Гарри Поттер», «Галактика сақшылары», «Кек алушылар» және «Аватар» секілді блокбастерлердің көгілдір экранға шығуына түрткі болған әйгілі продюсер әрі сценарийші Джефф Олм Қазақстан Туын көтеру рәсіміне таңғалып, Рәміздер күніне арнайы жасалған бейнероликті өз парақшасына реопст жасады.

"Қазақстан Туын көтерудің керемет рәсімі. Қазақстандағы барлық досымды сағындым!", – делінген жазбада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары