Жамбыл облысының Жуалы ауданында «Алматы – Ташкент» халықаралық автожолының 553-шақырымында жолаушылар автобусы өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдай орнына жеткен өрт сөндірушілер келген сәтте автобус жол жиегінде тұрған, алайда от көлік құралын лезде шарпып үлгерген. Жедел және кәсіби әрекеттердің нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Автобус ішіндегі 40 жолаушы жолай өтіп бара жатқан көлікпен жөнелтілді.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушылардың үйлесімді іс-әрекеті жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді.