Әнші Мәдина Сәдуақасова ұлы Ануарға 10 жасқа толуына орай ерекше сый жасады. Ол баласына Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің жанынан пәтер алып берген, деп жазды turkystan.kz.
Бұған дейін отбасы мектепке ұзақ жол жүріп жететін. Таңертеңгі кептеліс кезінде әнші баласын жиі жол жиегіне түсіріп кетіп жүрген.
Осылайша Ануардың өзі ұсынған идея бойынша мектепке жақын жерден баспана алу туралы шешім қабылданған. Қазір жаңа пәтерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, оны баланың туған күні — 17 маусымға дейін аяқтау жоспарланған. Оншақты күннен кейін әнші ұлына жаңа пәтердің кілтін табыстамақ.
Алайда бұл жаңалыққа желі қолданушылары түрлі пікір білдірді: «Жақында ғана қымбат көлік сыйлаған еді, енді пәтер ме? Тап осылай өмір сүретіндер де бар екен! Қызық, мұнша көп ақша қайдан келеді?», «Бала тым ерке болып кетпей ме екен?», «Керісінше, керемет қой! Ануар жайлы өмір сүруі үшін бәрін жасап жатыр. Шын мәнінде, барлық ата-ана осындай болуы керек» деп жазды олар.