Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды

/
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
istockphoto

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 — 515 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 5 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511,67 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,53 теңге. Еуро — 582,38

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 510,7 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 580, сату құны — 585.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 577 теңгеден сатып алынып, 584 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,35 — 6,52 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 4 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,47 теңгеге төмендеп, 511, 67 теңге болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары