Елордада бірнеше автобус бағытының қозғалыс кестесі уақытша өзгерді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы "City Transportation Systems" көлік компаниясы мәлімдеді.
Ресми мәліметке сәйкес, уақытша өзгерістер №№ 5, 5А, 8, 22, 22А, 33, 9, 11, 13, 14, 18, 55А, 55Б, 40, 60, 72, 505 бағыттарына қатысты.
Жаңа қозғалыс кестелері бойынша толық ақпарат кейінірек нақтыланатын болады, алайда CTS компаниясы әсіресе қарбалас уақытта сапарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді.