«Мәйітін өртеп жіберген»: Корей азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы ажал құшты (ВИДЕО)

/
«Мәйітін өртеп жіберген»: Корей азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы ажал құшты (ВИДЕО)
istockphoto

Оңтүстік Кореяда қазақстандық азаматшаның қайғылы жағдайда көз жұмғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 1982 жылы туған әйел өз-өзіне қол салып, асылып қалған. Бұл оқиға 25 мамыр күні болғаны айтылуда, деп хабарлайды turkystan.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұм қыз 2017 жылы Кореяға көшіп барып, кәріс ұлтының өкіліне ресми түрде тұрмысқа шыққан. Ерлі-зайыптының баласы болмаған. Ол F-6 визасымен (неке визасы) өмір сүрген. Қайғылы оқиға оның үйіне жақын маңдағы саябақтардың бірінде сағат 3 шамасында болған. Ал таңғы сағат 5-терде оның денесін басқа азамат байқап, полицияға хабар берген.

Ресми дерекке сәйкес, мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Қайтыс болған әйел ислам дінін ұстанған. Соған қарамастан, оның кәріс күйеуі марқұмның денесін кремациялаған – яғни мәйітті өртеткен.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бұл жайтқа қатысты күмән келтірілмейді. Автордың айтуынша, полиция оқиғаны толық тергеп, марқұм суицид жасаған деген қорытындыға келген. Сонымен бірге, күйеуі әйелдің денесін елшілікке беруден бас тартқан. Егер ол келіспесе, мәжбүрлі шара қолданылуы мүмкін екені айтылуда.

Қазіргі таңда еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары