Шерзат Болат ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінде айыпталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Жұмат Әбенов резонансты мәлімдеме жасады.
Қазақ “көрпеңе қарай көсіл” дейді. Өкінішке қарай, біздің халық мұны түсініп жатқан жоқ. Заң жақсы жазылған, бірақ орындалуы мен қолданылу жағы ақсап тұр, – деді қорғаушы.
Адвокат қоғамдағы агрессияға назар аудартып, оның сот процесіне әсер етіп жатқанын да меңзеді:
Кейбірі бәріне бірдей ату жазасын сұрап отыр. Бұл дұрыс па? Біз алдымен нақты дәлелге сүйенуіміз керек, – деді ол.
Жұмат Әбеновтың айтуынша, Абзал Шынасыл төбелес басталған кезде оқиға орнында болмаған, бұл сотта ескерілмей отыр.
Төбелес Абзал бармай тұрып басталып кеткен. Біз нақты қай пышақтан адам қайтыс болғанын, қай пышақтың енгенін бүгінге дейін анықтадық деп айта алмаймыз, – деді ол.
Қорғаушының сөзінше, дәлел жетіспей жатқанда адамның тағдырын шешуге асығу — ауыр қателік.
Осындай жетіспеушілік тұрғанда, бір бауырымызды түрмеге жауып, екіншісінен айырылып жатсақ – бұл әділдік емес, бұл біздің қоғамды артқа тартады, – деп түйіндеді адвокат.