Қанат Әлжаппаров көлік жүргізуден қорқатынын мойындады (ВИДЕО)

/
Қанат Әлжаппаров көлік жүргізуден қорқатынын мойындады (ВИДЕО)

Қызылордалық ауыр атлетші, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешов белгілі әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың көлік тізгінінде келе жатқан видеосын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қанаттың көлік айдағанын бірінші рет көрдім. Жақсы жүргізеді екенсің. 20 жыл ішінде көлік жүргізгенін бірінші рет көріп отырмын. Біз қазір Қызылорда көшелерінде жүрміз», - деді спортшы.

Ал оған әзілкеш те жауап беріп үлгерген.

«Өзім де уайымдап отырмын (күліп). Көлікті қатты айдауға қорқамын», - деді Қанат Әлжаппаров.

Желі қолданушылары көлік ішіндегілерге күлкілі пікірлер жазып, түрлі оймен бөліскен.

«Ағасы, оған қосылма. Әйтпесе, қайтадан ішіп кетсің», «Жүргізуші куәлігі жоқ-ау деймін. Қауіпсіздік белдігіне оранып алыпты», «Ішейін деп жатқан жоқсыңдар ма?!» деп жазды желідегі жұрт.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары